Мексикада асқа барған 16 адам қайтыс болды
Мексикада асқа барған 16 адам қайтыс болды
161
оқылды
Мексикада асқа барған 16 адам қайтыс болды, - деп жазады Milenio. 2020 жылы ер адамның алыс туысы коронавирустан қайтыс болған. Отбасындағы адамдар қайтыс болған осы адамның асына барған. Содан кейін олардың көбі коронавирус жұқтырған. Ауру асқынып, ер адамның анасы мен атасы қайтыс болған. Сонымен қатар оның ағалары, тәтелері және немере ағалары мен әпкелері көз жұмған.  
"Менің жылауға да уақытым болмады. Мен өзімді байлаулыдай сезіндім. Коронавирустың кесірінен  отбасымдағы көп адамнан айырылдым. Олар ауырып,  бірінен соң бірі қайтыс болды", — дейді Хосе Мартин.
  Оның айуынша, әкесі коронавирустан әлі сауықпаған, әпкесі сауығып шыққан.