Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
Былтыр Қызылорда қалалық Полиция басқармасына бес тұрғын алаяққа алданғанын айтып, арызданған.
Тексеру барысында былтыр бір әйел өзін «Құрылыс басқармасының қызметкерімін» деп таныстырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесетінін айтқан. Бес адамнан жалпы сомасы 2 500 000 теңге алғаны анықталды.