«Жарқын бейнесі жадымызда сақталады» – Елбасы Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
«Жарқын бейнесі жадымызда сақталады» – Елбасы Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
132
оқылды

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев Twitter-де жазды.

«Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол ұлттық киномызда ұмытылмас бейнесі мен өзіндік ізін қалдырған талант иесі болатын. Елбасы оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенім білдірді», – деп жазды Айдос Үкібаев.

Бұған дейін «Тақиялы періштеде» Тайлақтың рөлін сомдаған актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өткенін хабарлаған болатынбыз.