«Старлайнер» кемесі ғарышкерсіз ұшырылды
«Старлайнер» кемесі ғарышкерсіз ұшырылды

«Старлайнер» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына «Атлас 5» ракета-тасымалдаушы кемесінен жөнелтілді. Ғарыш кемесі 21 желтоқсанда ХҒС-на қонады деп күтіліп отыр, – деп жазады bbc.com.

«Қазіргі уақытта кеме тұрақты орбитада. Жердегі команда оның одан әрі әрекет етуінің нұсқаларын қарастыруда», – дейді Хьюстондағы NASA қызметін басқару орталығы.

Ұшудан 15 минут өткен соң кеме тасымалдаушыдан бөлініп, тәуелсіз рейсті бастады, алайда болжамды уақытта кеменің қозғалтқыштары іске қосылмады.

«Старлайнер» бортында ХҒС үшін 270 келіге жуық жүк, оның ішінде экипажға арналған тамақ бар.

NASA баспасөз қызметі хабарлағандай, сынақтан сәтті өткен жағдайда, «Старлайнер» басқарылатын ұшу үдерістеріне сертификат беріледі. Кеме жеті адамнан тұратын экипажға арналған.

Алдын ала күтіліп отырғандай, «Старлайнер» 28 желтоқсанда Жерге оралады, капсуласы Нью-Мексико шөліне қонуы керек.

Ғарыш кемесін Boeing компаниясы жасаған, NASA-мен келісімшарт бойынша жобаны дамытуға 5 миллиард доллардан астам қаражат бөлінген.

Би-би-си-дің орыс қызметіне берген сұхбатында NASA өкілі Джим Брайденштейн жаңа кеме коммерциялық ғарыштық ұшулар дәуірін жақындастыруға арналғанын айтқан.

«Біздің түпкі мақсатымыз – бағаны төмендету, инновациялар мен ғарышқа біз бұрын-соңды болмаған нысанда қол жетімділікті арттыру», – деп түсіндірді ол.

корабь2.jpg