2020 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан «Ақ жол» – «Қордай» өткізу пунктінің жұмысын тоқтатады, өткізу бекетін қайта құрылымдау жоспарланған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты 24.kg-ге сілтеме жасап. Жоғарғы Кенештің баспасөз қызметі бұған дейін Қордай өткізу бекетінде Қазақстан парламенті депутаттарының қырғыз депутаттарымен кездесуі өткенін хабарлады.
«Азаматтарды өткузі тоқтатылады. «Қордай» өткізу бекетін қайта құру 2020 жылы басталады, бұл екі жаққа қолайсыздықтар туғызады. Бірақ біздің елдеріміздің азаматтары мұны түсініп, жақын орналасқан өткізу пункттерін пайдаланады деп үміттенемін. Бұдан бөлек, «Ақ-Тілек», «Қара-Суу» өткізу бекеттері жүк тиелген көліктерді өткізуге арналған, бұл өткелдер белгілі бір проблемалар туғызады. Аталған пункт 1975 жылы салынған, біз оған назар аударуымыз керек», – деді ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко.
Бұдан басқа, өткізу пунктінің нақты қай күні жабылатындығы және шекарадан нақты қай жерден өту керектігі туралы ешқандай мәлімет берілген жоқ,– деп жазады басылым.