Ақмола облысында басым бөлігінде күндіз қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Көкшетауда ертең таңертең және күндіз жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанда қаласында ертең күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда ертең күндіз боран соғады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с жетіп, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан облысында кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады.Оралда тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.