Үй кезегінде тұрған 200-ден астам адам баспаналы болады – әкім
Үй кезегінде тұрған 200-ден астам адам баспаналы болады – әкім

Желтоқсанның соңына дейін 200-ден астам елордалық қоныс тойын тойлайды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті. «Тұрғын үй жинақ банкі» Елбасының тапсырмасына сәйкес қолжетімді баспана бағдарламасының орындалуына айтарлықтай үлес қосып отыр. Егер сандарды сөйлетсек, 200 мыңнан астам елордалық осы жинақ банктен өз есепшотын ашқан. Осы орайда қуанышты жаңалықпен бөлісе кетейін. Келесі аптада Тұрғын үй жинақ банкінің баспана кезегінде тұрған салымшыларына 200-ден астам пәтер кілтін табыс етеміз. Ал келесі жылға осы банк және «Бәйтерек» холдингімен бірігіп тұрғын үйдің санын арттыруды көздеп отырмыз. Нақты жоспар бар және оған қол қойылды», – деді А.Көлгінов. Әкімнің айтуынша, биылдың өзінде 50 мыңнан астам астаналық тұрғын үй жинақ банкінен өз есепшотын ашқан.