Мемлекет басшысы Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
127
оқылды

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы, белгілі кино актері Әлімғазы Смағұлұлы Райымбековтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Әлімғазы Смағұлұлы қазақ киносының таңдаулы туындыларының бірі – «Тақиялы періште» кинофильміндегі Тайлақтың рөлін үлкен шеберлікпен сомдаған. Одан кейін де бірнеше кинокартиналарға түсіп, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын» делінген жеделхатта.

Бұған дейін Елбасы актердің туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.