Ж.Қасымбек «АрселорМиттал Теміртауға» наразылық білдірді
Ж.Қасымбек «АрселорМиттал Теміртауға» наразылық білдірді
127
оқылды

Болат өндірісін 6 млн тоннаға дейін ұлғайту уәдесі неге орындалмады?

«Металлургтер қаласының тұрғындары қашан таза ауамен демала алады? Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Теміртаудың даму әлеуетін талқылау жөніндегі кеңесте компания басшылығына осындай сұрақтарды төтесінен қойды. Кәсіпорынды тауарлар мен қызметтерді сатып алуда жергілікті қамтуды орындамағаны үшін сынға алды, – деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Сіздер ел басшылығына жылына 6 млн тонна болат өндіруге уәде бердіңіздер. Бұл сіздердің инвестициялық келісімшартыңызда жазылған. Іс жүзінде, нәтиже бір жарым есе аз – осы жылдың қорытындысы бойынша 3,7 млн тонна болат күтілуде. Көлем бойынша өсіп жатқан жоқсыздар! Өткен жылмен салыстырғанда прокат өндірісі 20%-ға төмендеді», – деді әкім «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басиннің айтуынша, инвестициялық бағдарлама 5 млн тоннаға дейін түзетілді. Топ-менеджер жол картасы туралы еске салды, онда компания үш жыл ішінде өндірісті жаңғыртуға 305 млрд теңге салуды міндеттеді.

Жеңіс Қасымбек жергілікті шағын және орта бизнесті қолдау бойынша да компанияға сын айтты. Тауарлар сатып алуға жұмсалған 32 млрд теңгенің 900 млн теңгесі ғана қарағандылық өнім өндірушілер үлесіне тиесілі – ол барлық жоғы 3%. Облыс әкімі бұл көрсеткіш өте аз екенін атап өтті. «Жұмыстар мен қызметтер бойынша да жағдай осыған ұқсас. 45 млрд теңгенің ішінде қазақстандық компаниялардың үлесі 30% ғана құрайды. Бұл ретте өңірдің шағын және орта бизнесі өнімнің үлкен ассортиментін ұсынатынын ескерсек. Біз барлығымыз патриоттармыз! Қазақстандық үлесті арттырайық», – деді аймақ басшысы.