Былтыр құс тұмауы 8 облысқа жабайы құстар арқылы тарады.
Аурудың таралуына тосқауыл қою үшін 1,9 млн құс жойылды. Оның 97% төрт құс фабрикасына тиесілі.Былтыр «Республикалық эпизоотияға қарсы отрядынан» өлген құстың иелері құжат бойынша өтемақы алды. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы 94 470 бас үшін 295,3 млн теңге, «Агроинтерптица» ЖШС-ға 433 066 құс үшін 445,9 млн теңге төленді.
Былтыр құс тұмауынан зардап шеккен аймақ тұрғындарының проблемасын жазған болатынбыз.