Miras-тың жиынында аймақтағы мәдени саланы дамыту мәселесі талқыланды  
Miras-тың жиынында аймақтағы мәдени саланы дамыту мәселесі талқыланды  
251
оқылды

Отырысты Miras аймақтық кеңесінің төрағасы Қуандық Мәдір ашты. Жиын барысында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Батыс Қазақстан облысының барлық деңгейіндегі мәслихат депутаттарының сайлау нәтижелері, өткен жылдағы кеңес жұмысының қорытындылары және 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланды.

Miras аймақтық кеңесінің төрағасы Қуандық Мәдірдің айтуынша, өткен жылы түскен ұсыныстар оңтайлы шешімдерін тапқан. Ұсыныстардың көпшілігі әлеуметтік-мәдени бағытқа, сондай-ақ жас ұрпақтың шығармашылық, жеке дамуына, отбасылық құндылықтарды, дәстүріміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне байланысты. Сонымен қатар, ұсыныстар облысымыздың мәдени-ағарту мекемелерін жақсарту және жастар арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру аясында болды.    width= Негізгі сайлауалды кезеңде басты назар праймериз, яғни партияішілік іріктеудің бірегейлігіне аударылды, бұл белсенділік танытқан батысқазақстандықтарға Мәжіліс пен мәслихаттың депутаты болуға толықтай мүмкіндік берді. Сондай-ақ, сайлауға дайындықтың ерекшелігі өңір тұрғындарының белсене ат салысып, нәтижесінде 4 мыңға жуық ұсыныстар мен тілектер жиналып, олардың 80%-ына жуық облысымыздың барлық аймақтық филиалдарының алдағы 5 жылға арналған партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілген болатын. «Сайлаудың қорытындысы бойынша, өздеріңізге белгілі, Nur Otan партиясы республика бойынша 71,09% дауыс жинаған болатын. Осылайша, Nur Otan партиясынан 76 үміткер Мәжіліс құрамына еніп, оның 3-уі Батыс Қазақстан облысынан болды. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына сайлаушылардың 80,6% Nur Otan партиясына дауыс берді. Осылайша, партия облыстық мәслихаттан 25 депутаттық мандат алды. Пандемиядан туындаған шектеулерден кейін Nur Otan партиясының кандидаттарының кең ауқымды іс-шаралары жаңа форматқа (онлайн) ауыстырылды. Облыс тұрғындары арасында ең жақсы қолдау тапқан «Есіктен есікке дейін» акциясы, экспромт-кездесулер мен канвассинг болды. Жалпы, нұротандықтар өңірімізде үгіт - насихат жұмыстары кезінде 2 мыңнан астам кездесу өткізді», – деп атап өтті Қуандық Мәдір. Қорытындылай келе, кеңес құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін қосу жөнінде ұсыныстар айтылды, жаңа жұмыс жоспарына партияның сайлауалды бағдарламасындағы аймақтың мәдениет және тарихи саласын дамыту жолындағы бағыттары енгізілді.