Тұрысов жаңа қызметке тағайындалды
Тұрысов жаңа қызметке тағайындалды
333
оқылды

Үкімет қаулысымен Әсет Нұрланұлы Тұрысов Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Әсет Нұрланұлы Тұрысов 1987 жылы дүниеге келген. 2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2017 жылы «Нархоз» университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ-та бастаған. 2010-2011 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ электр байланысы инженері. 2011-2012 жылдары – Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті «Электронды үкіметті» дамыту және қорғау басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы. 2012-2014 жылдары – Көлік және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің жобалық құжаттаманы талдау және ақпараттандыру жаңа моделін қалыптастыру бойынша сарапшы, бас сарапшы. 2014 жылы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК басқарушы директоры. 2014-2017 жылдары «Қазпоштада» жұмыс істеді. 2018 жылғы қаңтардан қазірге дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.