Бүгіннен бастап ломбард, коллекторлық агенттіктер, қаржы ұйымдары қандай тәртіппен жұмыс істейді?
Бүгіннен бастап ломбард, коллекторлық агенттіктер, қаржы ұйымдары қандай тәртіппен жұмыс істейді?
148
оқылды

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бүгін қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимін өзгерту туралы бірлескен бұйрық шығарды.

Бүгіннен бастап «қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда қаржы ұйымдарына келетіндердің санына шектеу қойылды. Екінші деңгейлі банктер, резидент емес банктердің филиалдары, ақша айырбастау пункттері, ипотекалық ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, ломбардтар, коллекторлық агенттіктерге келетіндер саны көбеймеуі тиіс. Бұйрыққа сәйкес, қызмет онлайн режимде көрсетілуі тиіс. Қызметкерлер қашықтан жұмыс істеуге ауысады.

«Екінші деңгейдегі банктерде клиенттерге қызмет көрсету, банкоматтар, терминалдар, интернет-банкинг, мобильді банкинг және басқа да клиенттердің банктік шоттарын қашықтан басқару жүйелерінің, инкассаторлық қызметтің, call-орталықтың, төлем карталарын жеткізу қызметінің, сондай-ақ олардың ұйғаруы бойынша басқа қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін» делінген қаулыда.

Екінші деңгейлі банктер жұмыс кестесіне сай кідіріссіз жұмыс істейді.

Ұлттық банк пен агенттіктің бірлесіп шығарған бұйрығы бүгін күшіне енді.