Қазақстандық футбол маманы Әли Әлиев Қарағандының «Шахтер» командасына бас бапкер болып тағайындалды.
Әли Әлиев жаңа қызметінде клубтың алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізген.
Футболдағы алғашқы қадамын 1998 жылы Алматының ЦСКА-«Қайрат» командасында бастап, одан кейін «Қайрат», Павлодардың «Ертіс», Қостанайдың «Тобыл», Өскеменнің «Восток», Шымкенттің «Ордабасы», Петропавлдың «Қызылжар» клубтарында доп тепкен.
2018 жылы "Қызылжар" клубының бас бапкері қызметін атқарды. Команданы бірінші лигадан Премьер-лигаға алып шықты.
«Шахтер» командасын бұған дейін Константин Горовенко жаттықтырған болатын.