Семей қаласында таныстарының атына онлайн несие рәсімдеген алаяқ сотталды
Семей қаласында таныстарының атына онлайн несие рәсімдеген алаяқ сотталды
162
оқылды
Семейде таныстарының атынан онлайн несие алған алаяқ 4 жылға сотталды. Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жеңіл жолмен ақша тапқысы келген ер адам алдын ала жоспар құрып сол бойынша әрекет еткен. Ол өзінің таныстарына, достарына, туыстарына хабарласып банктік карталарының реквизиттерін сұраған.Олар өздерінің реквезиттерін айта салған. Реквизиттерге қол жеткізген ер адам интернет-терминалдарға олардың әрқайсының атынан бір емес, бірнеше несиеден рәсімдеген.Осылайша 8 адам алданып қалды. Сот үкімімен айыпталушы 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім толықтай заңды күшіне енген.