"Қайрат" футбол клубына Бундеслига шабуылшысы қосылды
"Қайрат" футбол клубына Бундеслига шабуылшысы қосылды
140
оқылды
Ел чемпионы "Қайрат" клубына неміс шабуылшысы Штрели Мамба келді. Алматылық «Қайратпен» 2 жылдық мерзімге келісімшарт жасалды. Штрели Мамба 1994 жылы 17 маусымда Геппингенде (Германия) дүниеге келген. Орталық шабуылшы, бірақ шабуылдың қос қапталында да өнер көрсете алады. ⠀ Жасөспірім кезінде  «Штутгарт», «Карлсруэ», «Кайзерслаутерн» секілді клубтарда ойнады. ⠀ Кәсіби мансабын 2013 жылы «Хомбург» клубында бастады, сонымен қатар «Гёппинген», «Грюнбах», «Фрайберг», «Зандхаузен» және «Энерги» командаларында өнер көрсетті. Штрелидің соңғы командасы - Екінші Бундеслигадағы «Падерборн». Ол 2019/20 маусымды «Падерборн» сапында Бундеслигада өткізіп, 24 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. 24 матчтың 18-інде алаңға негізгі құрамда шықты. Мансабында Германиядағы әртүрлі лигаларда 199 матч өткізіп, онда 65 гол соққан.