«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Miras аймақтық кеңесінің қатысушылары бас қосты.
Олар кездесу барысында кеңестің өткен жылдағы жұмысын қорытындылап, 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Күн тәртібіндегі екінші мәселеде Парламент Мәжілісі мен Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау нәтижелері айтылды. Кеңес төрағасы, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшесі Қали Сәрсенбайдың айтуынша, өткен жылы түскен ұсыныстар негізінен шешімін тапқан. Ұсыныстардың көпшілігі әлеуметтік-мәдени бағытқа, сондай-ақ жас ұрпақтың шығармашылық және жеке дамуына байланысты болған. Сонымен қатар қаланың мәдени-ағарту мекемелерін жақсарту және жастар арасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру бойынша да өтініштер түскен. Жиында Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев сөз сөйлеп, онлайн отырысқа қатысушыларды сайлау нәтижелері туралы хабардар етті. Басты назар праймериз, яғни партиялық алдын ала іріктеудің бірегейлігіне аударылды, бұл белсенділік танытқан алматылықтарға Мәжіліс пен мәслихаттың депутаты болуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ сайлауға дайындықтың ерекшелігі қала тұрғындарымен тығыз байланыс орнату болды. Нәтижесінде, 1 600-ден астам ұсыныс пен тілек жиналды, олардың 79 пайызы қалалық филиалдың алдағы 5 жылға арналған сайлау бағдарламасына енгізілді. – Сайлаудың өзіне келетін болсақ, сайлаудан кейін «Nur Otan» партиясы республика бойынша 71,09 пайыз дауыс жинады. Осылайша, «Nur Otan» партиясынан 76 үміткер Мәжіліс құрамына кіріп, оның 10-ы Алматы қаласынан болды. Алматы қаласының мәслихат депутаттығына сайлаушылардың 68,11 пайызы «Nur Otan» партиясына дауыс берді. Осылайша, партия 29 депутаттық мандат алды. Пандемиядан туындаған шектеулерден кейін «Nur Otan» партиясы кандидаттарының ауқымды іс-шаралары жаңа форматқа ауыстырылды. Қала тұрғындары арасында ең жақсы қолдау тапқан «Есіктен-есікке дейін» акциясы, экспромт кездесулер мен канвассинг болды, – деп атап өтті Қайрат Бисембаев. Ол сонымен қатар сайлау кезеңінде үміткерлер 300 мыңға жуық сайлау жасындағы алматылықтарды қамтығанын, жалпы, нұротандықтар Алматыда үгіт-насихат жұмыстары кезінде 400-ден астам кездесу өткізгенін де тілге тиек етті.Әбілмансұр ЖАСАН