Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Қазақстанда жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 20 қаңтарда Ақмола облысында басым бөлігінде күндіз қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанда қаласында ертең күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с Солтүстік Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда ертең күндіз боран соғады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с жетіп, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан облысында кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады.