Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Спорт

Медаль бұйырмай тұр

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 21, 2019
Спорт
646
қаралым

Жақында ғана Қытайда Masters турнирі аяқталды. Masters – дзюдодан санаты жоғары, мәртебесі биік жылжабар турнир. Әлемдік рейтингтегі үздік балуандар бас қосқан сыннан жүлдесіз оралдық.

Masters турнирі 12-14 жел­тоқ­санда Қытайдың Циндао қаласында өтті. Мұнда әр сал­мақ дәрежесі бойынша үздік шыққан 16 спортшы жиналды. Циндаодағы бәсекеге әлемнің 72 елінен 466 спортшы қатысты. Өз кезегінде турнир нәтижесі олимпиада рейтингісін жақ­сар­туға мүмкіндік береді. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 300 мың дол­лар. Бірақ дзюдошыларға бас­тысы бұл емес. Оларға керегі – ұпай. Ал ұпай көп болған са­йын, Токиоға барар жол жеңіл­­дейді.

Қытайдағы турнирге ел аты­нан өз салмағында үздік оналтылыққа кіретін 7 спортшы қа­­тысты. Бірақ аталған бәсеке­ден медаль бұйырмады. Айта кетерлігі, 60 келі салмақта күре­сетін Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев бір топқа түсіп қалды. Бір топта дегені әйтеуір бір жолдың түйісетінін білдіреді. Сәйкесінше көп күш жұмсауға тура келеді. Өйткені екеуі де олимпиадаға жолдама алғысы келеді. Ал қажетті ұпайды жинау үшін барынша тырысу керегі белгілі.

Қос спортшы ширек финалда кездесті. Содан кейін Елдос жартылай финалда испандық Франциско Гарригосқа жол бер­ді. Ал Ғұсман Эшли Маккен­зи­ге қарсы жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті. Қола медаль үшін Елдос Сметов ресейлік дзюдошы Роберт Швидабадземен таласты. Соңғы секундта Сметов жарақат алғ­андықтан қола медаль Шви­да­­бадзеге бұйырды. Ғұсман Қыр­ғызбаев болса өзбекстандық Ша­рафоддин Лутфиллаевпен күресті. Өзбек дзюдошысы Қыр­ғыз­баевты мерзімінен бұрын же­ңіп, қола медаль еншіледі. Тур­нир қорытындысы бойынша қос дзюдошының олимпиадалық рейтингісіне 648 ұпай қосылды. Елдос Сметов пен Ғұсман Қыр­ғызбаев турнирде 5-орынға та­бан тіреді.

Бұдан бөлек, 66 келідегі Ержан Серікжанов пен Елдос Жұмақанов, 73 келідегі Жансай Смағұлов пен 81 келідегі Дидар Хамза, 90 келідегі Ислам Бозбаевтар өнер көрсетті. Ди­дар Хамза қарсыласына бірін­ші раундта жол берді. Қа­зақстандық спортшы ресей­лік Хасан Халмурзаевқа «вазари» ұпайымен жеңілді. Жансай Смағұлов ә дегеннен Молдова өкілі Виктор Степудан басым түсті. Адуын танытқанымен екін­­ші кездесуде жапон Соичи Хачимотодан жеңіліп қалды. 90 келі салмақта белдескен Бозбаев алғашқыда грузиялық қарсыласы Бекой Гви­ниа­ш­ви­лиді «иппонмен» жең­ді. Алайда кезекті мүмкін­ді­гінде түркиялық Микаил Озер­лерге жеңілді.

Орынға ілікпеген спорт­шы­лар салмақ өлшеу рәсімінен өт­кені үшін 200 ұпайдан ен­ші­леді. Мұның өзі олимпиада лицензиясына талас кезінде үлкен көмек болады. Өйткені жолдамаға ұпай көрсеткіші әсер етеді. Ал олимпиада ойындарына жолдама алу кезеңі 2020 жылы 25-31 мамыр аралығында аяқ­та­лады. Қажетті ұпай санын жинау үшін спортшыларға әр турнир маңызды. Қорытынды межеге жету үшін тоқтамай кү­ресуге, кезекті турнирге қаты­суға тырысады. Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов Olympic.kz сайтына берген сұх­­батында спортшылардың әлемдік жарыстарда жақсы өнер көрсеткенін айтты. Әр турнирдің ұпайын тізіп берді. «Masters додасына салмақ өлшеу рәсі­мі­нен өткенің үшін 200 ұпай бері­­леді. Ал жеңіске жеткен спорт­шы 1 800 ұпай еншілейді. Салыстыру үшін айтар болсам, Гран-при турнирінде 700, Гранд-слэм бәсекесінде 1 000, әлем чемпионатында 2 000 ұпай жазылады» деді Айдын Сма­ғұлов. Демек, дзюдо­шы­лар­­дың әлі де ұпай жинауға мүм­­кіндігі бар. Өйткені 2020 жылдың мамырына дейін дзю­до­­­шыларды бірнеше турнир күтіп тұр.

 Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Қытайдағы апат: Жер астында қалып қойған кеншілердің 11-і құтқарылды

Қытайда бес күн ішінде жаңа аурухана тұрғызылды

Балмұздақтан COVID-19 табылды

 
Тегтер: Masters турнирідзюдоҚытаймедаль
Алдыңғы жаңалық

Ресей Олимпиададан неге шет қалды?

Келесі жаңалық

Қоржында – 25 жолдама

Ұқсас жаңалықтар

Жалғас Жұмағұлов
Жаңалықтар

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 2021
Садриддин Ахмедов
Жаңалықтар

Садриддин Ахмедов төрт титул үшін айқасқа түседі

Қаңтар 26, 2021
Токио, Бейжің, Олимпиада, Томас Бах
Жаңалықтар

Томас Бах Олимпиаданың өткізілетін уақытына қатысты пікір білдірді

Қаңтар 26, 2021
спорт
Спорт

Спорттық мансабын аяқтаған спортшылар

Қаңтар 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 23:50

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 23:26

Доллар бағасы қымбаттады

Қаңтар 26, 22:49

Облыстың бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырады

Қаңтар 26, 22:33

Садриддин Ахмедов төрт титул үшін айқасқа түседі

Қаңтар 26, 21:54

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Қаңтар 26, 21:32

Полицейлер есірткі сататын 250-ге жуық сайтты анықтады

Қаңтар 26, 21:05
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Жалғас Жұмағұлов

«Ел туын биік көтере алмадым»– Жалғас Жұмағұлов

Қаңтар 26, 2021
410

Табиғат апаттарынан 410 мыңнан аса адам көз жұмған

Қаңтар 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»