Алматы қаласы тұрғынан 47 келіден астам есірткі заты тәркіленді
Алматы қаласы тұрғынан 47 келіден астам есірткі заты тәркіленді
132
оқылды
Жамбылдық полицейлер Алматы қаласының тұрғынынан 47 келіден астам гашиш тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автожолының 260-шақырымында Алматы қаласының 39 жастағы тұрғынының басқаруындағы “Golf-3” маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөліктің жүксалғышынан ішінде скотчпен оралған қаптары бар екі сөмке табылып, жалпы салмағы 47 кг 850 граммды құрайтын гашиш есірткі заты анықталған. Аталған дерек бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. "Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", – деп мәлімдеді Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.