Екпе салдырғандар еркін жүріп тұрады
Екпе салдырғандар еркін жүріп тұрады
5,106
оқылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде есепке алуды жүйелеу мақсатында вакцинацияның электрон паспорты әзірленгенін айтты. Сонымен бірге вакцина салудың бірінші кезекте кімнен басталатынын да атап өтті.

«Вакцина салдырғаны туралы мәлімет ми­­нистрліктің орта­лықтандырылған ақпарат жүйе­сіне электрон форматта енгізі­леді. Мәліметті науқас және ме­дицина қызметкері m-gov қо­сым­шасында өзі жүктеп, енгізе алады. Жүйе жаһандық ақпарат жүйелерімен интеграцияланады және вакцина алған адамдарға талап еткен жерге және кез кел­ген жерде еркін жүруіне мүмкін­дік беріледі», – деді Цой Үкімет отырысында. Айта кетейік, бұған дейін ми­нистр елімізде коронавирусқа қар­­сы вакцинациялау 1 ақпанда басталатынын және жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа екпе салынатынын айтқан еді. Сондай-ақ министр вакци­нациялау кезеңдері мен кімдерге бірінші кезекте салынатынын тү­­сіндірді. Оның сөзінше, Қазақ­станда коронавирус инфекция­сына қарсы вакцинаны 1 ақ­паннан бастап егу жос­парланып отыр. «Коронавирус инфек­ция­сына қарсы вакцина егу ша­р­­уасын жеделдету мақсатында мынадай жұмыс жүргізіліп жа­тыр: 2021 жылғы 19 қаңтарда Спутник V вак­цинасының 20 мың дозасын әкелу жөнінде Қарағанды фармкешені мен РФ тікелей инвестиция қоры ке­лісімге келеді. 20 қаңтарда бұл вак­циналарды «СҚ-Фармация» компаниясына арнайы тәртіп бойынша бір рет әкелуге рұқсат беру көзделген. Осыдан кейін халықтың бұған дейін белгіленген топтарына 1 ақпаннан бастап коронавирус ин­­фекциясына қар­сы вакцина салу жоспар­лану­да», – деді Алексей Цой. Министрдің айтуынша, ха­лыққа екпе жұ­мыстары вакци­наның жеткізілу мөлшеріне қа­рай салынады. Контингент ке­лесі тәртіпте белгіленген: бі­рінші кезеңде инфекциялық ауру­ханалардың медицина қызмет­керлеріне, жедел жәрдем қыз­­метінің мамандарына, жан­сақтау бөлімінің, ал­ғашқы меди­ци­налық-санитарлық көмек қыз­метінің, ауруханалардың қабыл­дау бөлімінің, санитарлық-эпи­демиологиялық қызметтің ма­мандарына, нақтырақ айтқанда, 100 мыңға тарта азаматқа вак­цина салынады. Екінші кезеңде жалпы білім беретін мек­теп­тердің мұға­лім­деріне, ЖОО оқытушыла­рына, ве­домстволық медицина қыз­метінің мамандарына, нақтырақ айтқанда, наурыз айынан бас­тап ша­­мамен 150 мың адамға екпе егіледі. Үшінші ке­зеңде мектеп-интернат педагогтеріне, балалар мен мек­тепке дейінгі меке­ме­­лердің қызмет­­керлеріне, сту­дент­терге, созылмалы ауру­лары бар азаматтарға (сәуірден бастап шамамен 600 мың адам) вакци­нациялау жүргізіледі. Осылайша, жыл соңына дейін 6 миллионға жуық қазақстандық азаматқа вак­цина салу көз­делген.

Исмаил ҚУАНЫШ