Бастауыш партия ұйымдарының рөлін күшейтпек

Бастауыш партия ұйымдарының рөлін күшейтпек

«Nur Otan» партиясы Шым­­кент қалалық филиа­лында бастауыш партия ұйымы төрағалары бас қос­ты. Аталған филиал төра­ғасы бірінші орынбаса­рының міндетін атқарушы Мұратәлі Қалмұратовтың төрағалы­ғымен өткен оты­рысқа «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы бастауыш партия ұйым­дарының төра­ғалары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Партиялықтар осы жылдың 10 қаңтарында өткен сайлау қо­рытындысы бойынша бастауыш партия ұйымдары төрағалары­ның пікірлерін тыңдап, биылғы жұмыс жоспарын бекітті. Өз ке­зегінде Мұратәлі Қалмұратов сайлаудағы бақылаушы азамат­тарға алғыс білдіріп, халыққа берген уәдені орындаудың маңызы жайында айтты. Сон­дай-ақ жиын қатысушылары Шым­кент қаласында баспана кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін басқарма басшы­ларымен біріге отырып шешу, шалғай елді мекендерді сумен, газбен, электр энер­гиясы­мен 100 пайыз қамтамасыз ету, 3 ауы­сымды мектептер мә­селесін ше­шіп, жоспарланған 42 мектеп құрылысын салу, 10 медициналық мекеме құры­лы­сын жүзеге асыру жайында ой алмасты. Отырыста қаладағы бас­тауыш партия ұйымдарының рөлін күшейту мәселесі де на­зардан тыс қалмады. Кездесу қорытындысында бастауыш партия ұйымдарының биылғы жұмыс жоспары түзілді. Айта кетейік, қазір қалалық партия филиалының есебінде 35 мыңнан астам партия мүшесі бар, олар 47 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.

Әбілмансұр ЖАСАН