Қоржында – 25 жолдама
Қоржында – 25 жолдама
125
оқылды

Қ­азақстан құрамасы қоржынында Токио Олимпиадасының 25 жол­дамасы бар. Соңғы екі жолдаманы Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко алды. Ал Қарағандыда боксшы қыздар Олимпиада жолда­ма­ларын сарапқа салып жатыр. Ғалым Жарылғаповты еске алу турнирінде бірнеше есім белгілі болады.

12 қарашада Қытайдың Уха­нь қаласында бессайыстан ли­цен­­зиялық Азия чемпионаты өтті. Олимпиада комитеті осы­мен құрлық додасында ерлер мен әйелдер арасындағы жеке­лей сын аяқталғанын мәлім­деді. Турнир нәтижесінде Еле­на Потапенко мен Павел Илья­шенко Олимпиада жол­да­ма­сына ие болды. Елена Потапенко Азия чем­пио­на­тын­да 12-орын алды. Ал аталған бәсекеде 5 жолдама берілуі керек. Бұл – Олимпиадаға ірік­теу турнирінің ережесі. Қағи­даға сәйкес әр елден бір спорт­шы үміткер болады. Кестеде Оңтүстік Кореядан – төрт, Жапония мен Қытайдан – үш, Өзбекстанның бір спортшысы болғандықтан кезекті жолдама Потапенкоға бұйырды. Ерлер арасында Павел Ильяшенко 4-орын иеленіп, Токио Олим­пиа­дасына қатысуға мүмкіндік алды.

Қарағандыда Ғалым Жа­рыл­­ғаповты еске алуға ар­нал­ған бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. 2020 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу турниріне қатысу үшін боксшы қыздар бағын сынап көрмек. Олимпиадаға барудың кілті – рейтинг пен ұпай саны. Ал ұпай алу үшін түрлі жарыс пен турнирде бақ сынау керек.

20 желтоқсан күні бокстан әйелдер арасындағы жарыстың жартылай финалы өтті. 52 ке­­лі­­де Ангелина Лукас пен Жай­на Шекербекова қол­ғап түйістірді. Ангелинаға Шекер­бе­кова байырғы қарсылас болғандықтан, қиындық ту­дыр­мады. Ал әлем чемпионы На­зым Қызайбай Жансая Әбді­­­райымовадан жеңіліп қал­­ды. 57 келіде Ресей мен Өз­бек­­стан боксшылары алтын жүл­де үшін кездесу өткізеді. Тур­­нирдің финалдық кезеңіне 60 келі салмақта Римма Воло­сен­­­­ко мен ресейлік Ека­те­ри­на Дынник жолдама алды. Рио Олимпиадасының қола жүл­де­гері Дариға Шәкімо­ва Баян Ақбаевамен жұдырық­тас­ты. 69 келідегі бәсекеде Олимпиада жүлдегері Ақбаева­ға жол берді. 75 келіде Надежда Рябец төре­ші­лер шешімімен Ақерке Бақыт­­жаннан басым түсті.

Аталған турнир нәтижесі бо­йынша рейтинг түзіліп, То­кио Олимпиадасына кімнің ба­­ратыны анықталатын бо­ла­­­ды. Әзірге құрамада 25 жол­­дама бар. 2020 жылдың көктеміне дейін спортшылар түрлі турнирде топ жарып, ұпай түгендесе, жолдама саны артады. Ұлттық құраманың Токио Олимпиадасында спорт­тың 20 түрінен сынға түсетінін ескерсек, әлі де жолдама жа­ғын қамдау керек. Өйткені құ­­ра­ма спортшылары Рио Олимпиадасында спорттың 27 түрінен 100-ге жуық жолдама алды.


Айзат АЙДАРҚЫЗЫ