177 млн теңге айыппұл салынды
177 млн теңге айыппұл салынды
106
оқылды

Ақтөбе облысы әкімі бас­пасөз қызметінің ха­бар­­лауынша, өңірде 9 мың­нан астам рейд жүргізіліп, 177 миллион теңгеден астам айып­­пұл салынды.

Мәлімет бойынша, аймақта «Жайсаң» және «Әлімбет» са­нитарлық көлік бекеттері, әуе­қатынасы арқылы 65 мыңнан астам адам келіп, оның 6 мыңға жуығында ПТР-тест нәтижесі болмаған. Соның ішінде 47 адам­нан коронавирус анықталды. Облыс әкімдігінің хабар­лауынша, 47 бақылау тобы 9 мыңнан астам рейд жүргізіп, 177,6 млн теңгеге айыппұл салған. «Біздің облыс «жасыл ай­мақта» тұр. Бірақ көрші облыстар мен Ресей Федера­циясындағы жағдай бізге қауіпті. Әрі өңір арқылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі өтіп жатыр. COVID-19 қаупі әлі сейіл­ген жоқ, сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды. Коро­навирус инфекциясына қарсы екпеге қатысты ақпараттық-тү­сіндіру жұ­мыстарын күшейту қажет. Бірінші кезеңде біздің облыста медициналық қыз­мет­керлерді, мұғалімдерді, күштік құрылым қызметкерлерін қос­қанда тұр­ғындардың ауруға тез шалдығатын тобын, яғни 150 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Бақы­лау топтары өз жұ­мысын жал­ғастыруы керек»,– деді облыс әкі­мі Оңдасын Ора­залин.

Айбике ЖАНАСЫЛ