Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Көлікке сұраныс артты

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 20, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар
көлік
53
қаралым

Пандемия жылы, қиын-қыстау кезең деп сипаттап жатсақ та, Қазақ­станның автомобиль өндірісі үшін 2020 жыл табысты болды. Былтыр  жазға таман 96 елдің автоөндірісін жіті бақылап отыратын NCSA (Ұлттық автомобильдерді сату қауымдастығы) сарапшылары бүкіл әлемде автокөлік саудасы күрт төмендегенін хабарлаған. Бір қызығы, жағымды статистика көрсеткен төрт ел ғана болыпты. Оның көш басында Қазақстан тұр. Коронакризис кезінде отандық автомобиль өндірісінің күш алуына не әсер етті? Өзіміздің автокөліктерге сенім нығая бастады деуге бола ма?

Отандық өндіріске оң баға береміз бе?

Қазақстандағы автоөндірістің жыл­дық көлемі былтыр 77 471 техника болды. Бұл дегеніміз – 2019 жылғы көрсеткішпен салыс­тырғанда, бір жарым есе көп. Со­ның ішінде жүк көлігі мен автобустарды көбірек шығара бастаппыз. Атап айт­қанда, 2020 жылы отандық зауыттардан техниканың 5 000 данасы шығарылған. Байқағанымыздай, пан­демия салдарынан туындаған кризиске қарамастан отандық машина өндірушілер өндірісті тоқтат­паған. Қолда бар дерекке сүйенсек, өткен жылдың 9 айындағы нәти­же бойынша, отандық өндіріс па­йыз­бен есептегенде – 17, ақшалай есеп­тегенде 1,2 триллион теңге болған. Индус­трияландырудың соңғы 10 жылын­да машина құрылысының өндіріс көлемі төрт есе өсіп, инвестиция 2,5 есеге көбейген. Ал экспорт болса 3 есе артқан. Демек, бұл салада ауыз тол­тырып айта­тындай алға жылжу байқалып отыр деген сөз.

Өндіріс саласының ауқымы кең. Соның ішінде жеңіл автокөлік өндірісіне ерекше тоқталып өтуді жөн көріп отыр­мыз. Соңғы жылдары елімізде зауыттар жұмысын бастап, өзіміз автокөлік құрас­тырып жүргеніміз белгілі. Бұған дейін отандық өнімдерге сенім аз, күмән көп бол­ған. Тіпті, таңдау тұрса, бағасы қым­баттау болса да, көбіне шетелдік дүние таңдайтынбыз. Десек те, мұндай түсінік­тің біртіндеп азайып бара жатқанын отандық автоөндірістің жыл өткен сайын бекіп, нығайып жатқанынан-ақ біле берсек болатын шығар. Ендеше жеңіл автокөліктердің елде құрас­тырылуына қатысты тоқталайық.

2020 жылдың 9 айындағы қорытын­дыға қарасақ, одан бір жыл бұрынғы көлемнен асып түскен. Салыстырмалы кезең емес, түгел 2019 жылдың нәтижесі 9 айда теңеспек тұрмақ, өсіп кеткен. Нақтырақ айтатын болсақ, жеңіл авто­көліктердің өндірісі 2020 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 51,92 мың дана автомобильге тең болған. Бұл болса, 2019 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда бір жарым есе көп. Жалпы, 2019 жылмен салыстырғанда 18 пайызға артқан.

Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Алматыда автобус  екі көлікті соғып, «Mega» сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіріп кеткен

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық көліктерге үйір болудың себебі неде?

Осы тұста, отандық автоөндірістің қанаты қалай кең жайылғаны туралы да атап өту керек. Салада осындай жақсы нәтиже байқалуына бірнеше фактор әсер еткен. Өндіріске жаһандық трансұлттық инвесторлар тартылып, соның арқасында қолжетімді сегменттегі, жаңа брендтер пайда болды. Әрі пандемияға қарамастан, жұмысты жүргізу үшін автокөліктерді онлайн сатып алуға мүмкіндік ашылды. Бұл да болса, клиент жоғалтпай, байланыс орнатуға әсер ететіні сөзсіз. Сонымен бірге Үкіметтің тапсырмасымен авто­салондарда автокөліктерді бірден тіркеуге болатындай  мүмкіндік қарастырылған. Әлбетте, су жаңа көлікті сатып алған бойда сандалмай, қала шетіндегі арнайы ХҚКО-ға бармастан сол жерде тіркеуге болатыны сатып алушыларға майдай жа­ға­ды. Ең бастысы, отандық авто­көлік­тердің көбірек сатылып, халық арасында танылуына жеңілдетілген автонесие мен лизингтің әсер еткені анық. Себебі ел аумағындағы ең тиімді шарттармен салоннан автокөлік алуға жол ашты.

Тағы бір айта кетерлігі, былтыр Қазақ­станда біршама жаңа зауыт ашылды. Мы­салы, Қостанайдағы зауытта енді Chevrolet автокөліктері шығарыла баста­ды. Жыл аяқталмай жатып-ақ, отандық автокөліктер ең көп алынған маркалардың біріне айналып, Қазақстандағы танымал брендтердің қатарына енді. Наурыздан бері Қостанай зауытында аталған авто­көлік маркасының 15 000 данасы шы­ғарылған. Негізі, бүкіл Қазақстан ауқы­мын алғанда, осы аймаққа барлық тех­никаның 51,7 пайызы тиесілі. Демек, көш бастап тұрған облыс – Қостанай. Жалпы алғанда, 40 050 көлік шығарыпты.

Жаңа зауыттардың жұмысы

Қазан айында Алматы қаласында Hyundai жеңіл автокөлігі өндірісімен айналысатын зауыт ашылды. Өндірістік қуаты алғашқы кезеңде 30 мың дана болса, екінші кезеңде жылына 45 мың болады деп жоспарланған. Мұның ішінде экспортқа жасалған келісімшарттар да бар. Өзімізде шығарыла бастағаны бар, бағасы мен марканың көпшілікке ұнайтыны бар, 2020 жылдың қорытын­дысы бойынша қазақстандықтар Hyundai маркасына оң баға беріпті десек болады. Себебі жалпы инвестиция көлемі – 28 млрд теңге.

Осы ретте, қазақстандықтардың таң­дауы қандай деген сауал туатыны заңды. Мамандар мұндай сауалнама жүргізіп үлгерген. Нәтижесінде, бағасы жөнінен ең қолжетімді әрі көпшіліктің таңдауы түскені Lada Granta екені анық­талған. Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, қазақ­стандықтар орта есеппен 5 миллион теңге шамасындағы автокөліктерді алады екен. Бұдан қымбатын көбінің қалтасы көтер­мейді деген сөз. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытын­дысы бо­йын­ша, жалпы сомасы 313,4 мил­лиард тең­геге 35 086 жаңа жеңіл автокөлік сатып алыпты. Ендеше қандай марка және қандай бағадағы автокөліктердің ел арасында көп алынатынына тоқталайық. Айтқандай, Lada Granta көш бастап тұр. Құны 2,8 миллион теңге болатын авто­көлік өзіміздің Өскеменнің зауытынан шығады.

«Сатып алынған жеңіл автокөліктердің орташа бағасы – 10,3 миллион теңге. Бұдан бір жыл бұрынғы кезеңмен салыс­тырғанда 14,7 пайызға өскен. Негізі, нарықта қазақстандық өндірушілердің автокөліктері әжептәуір сұранысқа ие. Отандық өндірушілердің автомобиль­дерінің орташа құны 7,6 миллион теңге екен» делінген Қазақстанның автомобиль өндірісі кәсіпорындарының одағы тарат­қан ақпаратта. Ұйымның баспасөз қыз­метінің мәліметінше, құны 5-7 мил­лион теңге болатын көліктердің үлесі 21,5 па­йыз болған. Ал 7-10 миллион теңге ара­сындағы автомобильдерді сатып алатын сегменттің үлесі 16,3 пайыз болған. Бизнес (10-15 миллион теңге) және премиум кластағы (15 миллион теңгеден жоғары) көліктердің үлесі тиісінше 23,4 және 10,1 пайызды көрсетіпті.

Ең арзан және қымбат көліктер рейтингі

Ең қолжетімді автокөліктердің ондығына келер болсақ,  ба­сым көпшілігі қазақстандық авто­өндірушілерге тиесілі екенін байқаймыз. Бағасы бойынша ондық мынадай көрініс тауыпты: 2,8 миллион теңгеге – Lada Granta, 3,4 миллион теңгеге –  Lada 4×4, 3,7 миллион теңгеге – Ravon Nexia, 4 миллион теңгеден басталатын – Ravon R4, одан кейін бағасы осымен шамалас – Chevrolet Cobalt. Алтыншы орында – 4,2 миллион теңгеге алуға болатын Chevrolet Niva, одан кейін 4,4 миллион теңгеге – Lada Vesta, 4,6 миллион теңгеге – Lada XRAY, 5 миллион теңгеге – Ravon R2. Бұл – Қазақстан бойынша ең арзан көліктер.

Ал енді қымбат көліктерге кезек берсек, тізім мынадай: Mercedes-Benz G-класс (110 миллион теңге), Mercedes-Benz S-класс (98,6-110 миллион теңге), Porsche 911 Turbo (71,1-110 миллион теңге), Audi A7/А8 (62-110 миллион тең­ге), Lexus LS (58,2-110 миллион теңге), Porsche Panamera (53,5-110 миллион теңге), Genesis G90 (53,2-110 миллион теңге), Porsche Cayenne (46,6-110 миллион теңге), Jaguar I-PACE (46,5-110 миллион теңге) және  BMW 8 серия (46,1-110 миллион теңге).

Жадыра АҚҚАЙЫР

 
Тегтер: автомобиль өндірісіавтомобильдерді сатукоронакризискөлікҚазақстанпандемиясұраныс
Алдыңғы жаңалық

Алматыдан 708 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Келесі жаңалық

Ұлттық бірыңғай тест тапсыру басталды

Ұқсас жаңалықтар

партия, билет, Әбілқайыр Сқақов,
Жаңалықтар

Белсенділер партияға мүше болды

Наурыз 1, 2021
Nur Otan, партия, Нұрсұлтан Назарбаев,
Жаңалықтар

Nur Otan: Жетекші партия жетістікке қалай жетті?

Наурыз 1, 2021
Алғыс айту күні, Нұрсұлтан Назарбаев, Елбасы, Қазақстан халқы
Жаңалықтар

Бүгін – босқынға сая, қашқынға пана болған қазаққа алғыс айтатын күн

Наурыз 1, 2021
қазақ күресі, Жақсылық Үшкемпіров, жарыс, астана
Жаңалықтар

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Белсенділер партияға мүше болды

Наурыз 1, 11:56

Nur Otan: Жетекші партия жетістікке қалай жетті?

Наурыз 1, 11:39

Бүгін – босқынға сая, қашқынға пана болған қазаққа алғыс айтатын күн

Наурыз 1, 10:39

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

Наурыз 1, 10:17

Алматыда абақтыдан қашып кеткен ер адам ұсталды

Наурыз 1, 09:58

Бір тәулікте пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Наурыз 1, 09:38

Бірліктің арқасында мақсатымызға жеттік – Асқар Мамин

Наурыз 1, 09:27
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

партия, билет, Әбілқайыр Сқақов,

Белсенділер партияға мүше болды

Наурыз 1, 2021
Nur Otan, партия, Нұрсұлтан Назарбаев,

Nur Otan: Жетекші партия жетістікке қалай жетті?

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»