Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Босанғаннан кейінгі депрессия

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 20, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
депрессия
71
қаралым

Алматы дәрігерлері қалада босанғаннан кейінгі депрессия асқынып тұрғанын айтуда. №36 қалалық емхананың жо­ғары са­нат­ты дәрігері, аку­шер-гине­колог Айбарша Тәже­кованың айтуынша, ем­ханада тек­серіле­тін және бо­сан­ғаннан кейінгі психология­лық депрессия бірнеше есе өскен. Статистикаға сәйкес, мұндай диагноз бұрын 30 адамның біреуінде ғана кездессе, қазір 10 адамның бірі зардап шегеді.

Босанғаннан кейінгі депрес­сия – физиологиялық асқыну. Бірақ асқынған депрессия бәрібір күрделі аурушаңдық болып саналады және науқас ста­ционарда жатып емделуі тиіс. Депрессияның себебі – үнемі ұйқының қанбауы, гор­моналды өзгерістер, эмоциялық уайымға салыну.

Бұл жерде алғаш босанған аналардың жасы айтарлықтай өскенін айта кеткен жөн. Ал жасы ұлғайған сайын әйелдерді көптеген күдік пен ой мазалайды. Олардың ана болу жауап­кер­шілігін көтере алмауы және басқа да түрлі себеп бар. Босанғаннан кейінгі депрес­сияның негізгі симп­томдары: кө­ңіл күйдің аяқ­асты түсіп кетуі, жы­лау, ұйқы­сыз­дық, үнемі уайымға салыну және үрейлену, сәбиге жақындаудан қорқу, өзіне немесе сәбиге зиян келтіріп алам деген қорқыныш, ештеңеге қызықпау, ашу-ызаға булығып, үнемі күйге­лекке салыну және ең негізгісі – өлім туралы ойға бату немесе өзіне қол жұмсау.

Мұндай жай-күймен қалай кү­ре­суге болады? №36 қалалық ем­хананың психологі Әзиза Хамит, ең алдымен босанғаннан кейінгі деп­рес­сияны емдеу және оның алдын алу тәсілдерін айта­тын дәрігерге баруға кеңес береді. Егер әйелдегі депрессия ден­сау­лығына зиян келтірсе, онда мұн­дай жағдайда дәрілік препарат­тарды тұтыну керек. Олар, әсіресе психиатр тағайындаған тыныш­тандырғыш дәрі-дәрмектер. Сонымен қатар психотерапевтік емдеу жүргізіледі. Мамандар бұл проблемамен өзің ғана қалуды мүлдем теріс санайды. Өйткені депрессия асқынып кетуі мүмкін.

Аяғы ауыр әйел мінген жедел жәрдем көлігі боранда қалып қойды

Дәрігер-диетолог сағыз шайнау мен оны жұтып қоюдың қауіпін айтты

Маска тағып жүру – тіске зиян

«Босанғаннан кейінгі депрес­сия әйелдің және оның отбасы­ның әлеуметтік жағдайына бай­ланысты емес. Бұл сырқатпен жас, арнайы білімі жоқ аналар да, жо­ғары білімді, сонымен қатар же­тістікке жеткен әйелдер де ауырады. Деп­рес­сия босанғаннан кейін ғана емес, сондай-ақ жүкті болған кезде де туындайды. Он­дай кезде біздің ем­ханада отбасын жоспарлау ка­бинеті бар. Ол жерде мамандар ана болудан қор­қып, депрессияға ұрынбауы үшін болашақ аналарды босануға және одан әрі сәбиді күтуге дайындау сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар денсаулығы мықты сәбидің одан әрі даму кабинеті жұмыс істейді. Бұл жерде бала дүниеге келген бірінші айдан бастап ата-аналар сәбиіне қатысты және өзіне де пайдалы ақпараттарды алуға, сәбидің эмоциялық-әлеу­меттік дамуын ескере отырып, оны тәрбиелеу мәселесімен ата-ана­ларын кәсіби түрде дайындап үйре­ту дағдыларын жақсартуға бола­ды»,– дейді Айбарша Тәже­кова.

Ол әйелдерде депрессия бол­ған жағдайда барлық қажетті кө­мек алу үшін медицина ұйы­мына баруы керек екеніне де тоқ­талды.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ

 
Тегтер: Айбарша Тәжековааушер-гинекологдәрігердепрессия
Алдыңғы жаңалық

Ұлттық бірыңғай тест тапсыру басталды

Келесі жаңалық

Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн концертін қайдан тамашалауға болады?

Ұқсас жаңалықтар

1 наурыз
Жаңалықтар

Білім және ғылым вице-министрі 1 наурыздан бастап оқушылар қалай оқитынын айтып берді

Наурыз 1, 2021
Бақыт Сұлтанов азаматтардың сұрақтарына жауап берді
Жаңалықтар

Бақыт Сұлтанов азаматтардың сұрақтарына жауап берді

Наурыз 1, 2021
ескерту
Жаңалықтар

5 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 1, 2021
2020
COVID-19

Қазақстанда 2020 жылғы өлім-жітім көрсеткіші қандай?

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Білім және ғылым вице-министрі 1 наурыздан бастап оқушылар қалай оқитынын айтып берді

Наурыз 1, 19:31

Бақыт Сұлтанов азаматтардың сұрақтарына жауап берді

Наурыз 1, 19:21

5 өңірде ескерту жарияланды

Наурыз 1, 18:57

Қазақстанда 2020 жылғы өлім-жітім көрсеткіші қандай?

Наурыз 1, 18:40

Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданады

Наурыз 1, 17:56

Ақтауда көршісінің кесірінен 2 адам көз жұмып, 6 адам адам ауруханаға жатқызылды

Наурыз 1, 17:38

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Наурыз 1, 17:09
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

1 наурыз

Білім және ғылым вице-министрі 1 наурыздан бастап оқушылар қалай оқитынын айтып берді

Наурыз 1, 2021
Бақыт Сұлтанов азаматтардың сұрақтарына жауап берді

Бақыт Сұлтанов азаматтардың сұрақтарына жауап берді

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»