Босанғаннан кейінгі депрессия
Босанғаннан кейінгі депрессия
541
оқылды

Алматы дәрігерлері қалада босанғаннан кейінгі депрессия асқынып тұрғанын айтуда. №36 қалалық емхананың жо­ғары са­нат­ты дәрігері, аку­шер-гине­колог Айбарша Тәже­кованың айтуынша, ем­ханада тек­серіле­тін және бо­сан­ғаннан кейінгі психология­лық депрессия бірнеше есе өскен. Статистикаға сәйкес, мұндай диагноз бұрын 30 адамның біреуінде ғана кездессе, қазір 10 адамның бірі зардап шегеді.

Босанғаннан кейінгі депрес­сия – физиологиялық асқыну. Бірақ асқынған депрессия бәрібір күрделі аурушаңдық болып саналады және науқас ста­ционарда жатып емделуі тиіс. Депрессияның себебі – үнемі ұйқының қанбауы, гор­моналды өзгерістер, эмоциялық уайымға салыну. Бұл жерде алғаш босанған аналардың жасы айтарлықтай өскенін айта кеткен жөн. Ал жасы ұлғайған сайын әйелдерді көптеген күдік пен ой мазалайды. Олардың ана болу жауап­кер­шілігін көтере алмауы және басқа да түрлі себеп бар. Босанғаннан кейінгі депрес­сияның негізгі симп­томдары: кө­ңіл күйдің аяқ­асты түсіп кетуі, жы­лау, ұйқы­сыз­дық, үнемі уайымға салыну және үрейлену, сәбиге жақындаудан қорқу, өзіне немесе сәбиге зиян келтіріп алам деген қорқыныш, ештеңеге қызықпау, ашу-ызаға булығып, үнемі күйге­лекке салыну және ең негізгісі – өлім туралы ойға бату немесе өзіне қол жұмсау. Мұндай жай-күймен қалай кү­ре­суге болады? №36 қалалық ем­хананың психологі Әзиза Хамит, ең алдымен босанғаннан кейінгі деп­рес­сияны емдеу және оның алдын алу тәсілдерін айта­тын дәрігерге баруға кеңес береді. Егер әйелдегі депрессия ден­сау­лығына зиян келтірсе, онда мұн­дай жағдайда дәрілік препарат­тарды тұтыну керек. Олар, әсіресе психиатр тағайындаған тыныш­тандырғыш дәрі-дәрмектер. Сонымен қатар психотерапевтік емдеу жүргізіледі. Мамандар бұл проблемамен өзің ғана қалуды мүлдем теріс санайды. Өйткені депрессия асқынып кетуі мүмкін. «Босанғаннан кейінгі депрес­сия әйелдің және оның отбасы­ның әлеуметтік жағдайына бай­ланысты емес. Бұл сырқатпен жас, арнайы білімі жоқ аналар да, жо­ғары білімді, сонымен қатар же­тістікке жеткен әйелдер де ауырады. Деп­рес­сия босанғаннан кейін ғана емес, сондай-ақ жүкті болған кезде де туындайды. Он­дай кезде біздің ем­ханада отбасын жоспарлау ка­бинеті бар. Ол жерде мамандар ана болудан қор­қып, депрессияға ұрынбауы үшін болашақ аналарды босануға және одан әрі сәбиді күтуге дайындау сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар денсаулығы мықты сәбидің одан әрі даму кабинеті жұмыс істейді. Бұл жерде бала дүниеге келген бірінші айдан бастап ата-аналар сәбиіне қатысты және өзіне де пайдалы ақпараттарды алуға, сәбидің эмоциялық-әлеу­меттік дамуын ескере отырып, оны тәрбиелеу мәселесімен ата-ана­ларын кәсіби түрде дайындап үйре­ту дағдыларын жақсартуға бола­ды»,– дейді Айбарша Тәже­кова. Ол әйелдерде депрессия бол­ған жағдайда барлық қажетті кө­мек алу үшін медицина ұйы­мына баруы керек екеніне де тоқ­талды.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ