Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Сусыз, кәрізсіз, көліксіз: Гранитный тұрғындары базынасын айтты

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 20, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Гранитный
22
қаралым

Көкшетаудан таяқ тастам жерде Гранитный деген шағын ауыл бар. Елдімекенде 500-ге жуық адам тұрып жатыр. Көпшілікке бұл ауыл ЕЦ-166/25 түзету мекемесімен таныс. Ауылда кезінде «Ардагер – Неруд» серіктестігі гранит өндіретін. Тұрмысы тәуір ауылдың бірнеше жылдан бері кәрізі істен шығып, жолдары тазаланбай қалатын болған. Өйткені ауыл кәрізінің 90 пайызға жуығы шіріп кеткен. Оған қоса облыс орталығымен арадағы қашықтық он алты шақырым ғана болса да, ауылға автобус та қатынамай қалған. Аудан әкімдігі мәселені шешуге талай мәрте уәдесін берген. Алайда Гранитный тұрғындарын толғандырған жайлардың күрмеуі әлі де тарқатылмай келеді.

Жаз бойы жол мәселесі әбден титықтатқан. Көшелерге тө­гілген қиыршық тастар тегістелмей, ойлы-шұңқырдан құлап, тұмсығын бұзғандар да болыпты. Ал негізгі мәселе – кәріз жүйесінің жөнді жұмыс істемеуі халықты әбден қи­на­ғанға ұқсайды. Аталған мәселе өткен жылы да қозғалған. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-комму­нал­дық шаруашылық бөлімі мәселені қарастыратынын жеткізген. Алайда қыстың қытымыр аязында комму­налдық жүйелер істен шығып, тұрғындарды әбігерге салуда. Осыдан бес күн бұрын Гранитный ауылында тіршілік нәрі – ауызсуы да тамбай қалыпты. Бес күн бойы ауызсусыз қалған ауылдықтар қайтерін білмей отыр. Балаларын жуындыруға су таппай қалған ауыл жағдайы туралы өткен жылы да қозғағанбыз.

«Біз бес күннен бері сусыз отырмыз. Осыған дейін ыдыстарға құйып қойған барлық қорымыз да таусылды. Енді қайтіп тамақ істейтінімізді білмей, дал болып отырмыз. Көлігі бар ауыл адамдары ауызсуды Көкшетаудан тасып ішуге мәжбүр болып отыр. Ал кәріз туралы жергілікті билікке айта-айта аузымыз талған. Кәріздеріміз бітеліп қалды. Биліктің қайда қарап отырғанын білмеймін.  Тұр­ғындар кәріздерін өздері сорғызып тазалап жатады. Бірақ арада аз уақыт өтпестен қайта бітеліп қала­ды. Осыған қарамастан коммунал­дық төлемдерді уақытында төлей­міз», – дейді Гранитный ауылының тұрғыны Айзере Жәңгір.

Ауыл адамдары мұнымен қоса жолдың да азабын тартқан. Қалаға қатынау үшін таксилетіп баруға мәжбүр болады. Қалтасынан қа­ғылған жұрт аудан әкімдігіне ша­ғым­данғанымен іс жуық арада шешілер түрі көрінбейді. Жақында түскен күртік қардан қарға адым аттау мұңға айналыпты.

Тұрғындар өтінішін орындады

Тұрғындардың өтініші аяқсыз қалған жоқ

Түркістанда тұрғындардың айтарын тыңдады – Nur Otan

«Ауылды қар басып жатыр. Кеше, тіпті үйге кіре алмай қалдым. Бү­гін ауыл әкімдігі зордың күшімен тазартты. Ал қалаға тек көлігі бар­лар ғана барады. Автобус тоқтағалы жылға жуық уақыт болды. Бұған дейін Көкшетау-Васильков-Гранитный автобусы жүретін еді. Енді жолаушы аз деген сылтаумен жауып тынды. Ауылдан қоқыс та уа­қытында тасымалданбайды. Үй­іл­ген қоқыс қалдықтарынан аяқ алып жүргісіз. Жалпы, халық қай­тіп күнелтерін білмей отыр», – дейді Айзере Жәңгір.

Коммуналдық жүйелері жүй­кені жұқартқан Гранитный кентін­де ауызсу 1963 жылы бұрғыланған №57 ұңғымадан беріледі. Су құ­бырының жалпы ұзындығы – 4 600 шақырым. Оның ішінде 1 500 метр Гранитный кентінің ішінен өтеді. Осыдан 57 жылы бұрын пайда­лану­ға берілген су құбыры 11 көпқабат­ты үйлер мен әкімшілік ғимаратты ауызсумен қамтамасыз етеді. Бірақ соңғы уақытта жөндеу көрмеген құбырлар жиі істен шығатын болған.

Гранитный

Мәселе өткен жылы да қоз­ғалған. Жылға жуық уақыт өтсе де еш өзгермеген жайдың себебін аудан әкімдігінен сұрап білдік. Әкімдік төмендегідей жауап берді.

«15 қаңтарда ауызсу беру №3 МЖД учаскесінде су құбырының жарылуына байланысты уақытша тоқтатылды. Кеше 18 қаңтарда Қонысбай ауылдық округі әкімдігі және «Зеренді-Сервис» ШЖҚ МКК апатты бригадасы бірлесіп №3 МЖД учаскесіндегі су құбыр­ының жарылған тұсы жөнделді. Гранитный кентін сумен қамту жаңартылды, – деді Зеренді ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, ауылдағы кәріз желілерінің әбден тозығы жеткен. Ол осыған дейін «Ардагер Неруд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншігінде болған. Мемлекет меншігіне еш құжатсыз тапсырылған. Содан жөндеу жұмыстарын жүргізу еш мүмкін болмапты.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік акт қолымызға тиді. Техникалық төлқұжатын алғаннан кейін кәріз желілерін қайта жаңарту бойынша жобаны жасауға бюджеттік өтінім берілмек. Ал қаламен ауыл ара­сын­дағы автобус қатынасына келсек, Гранитный кентінде жолаушылар тасымалына қызмет көрсетуге ниет­ті ұйымдар жоқ. Тасымал­дау­шылар пандемия кезіндегі санитар­лық талаптардың көбеюі тиімсіз еткенін алға тартады. Қоқыс «Та­за­лық» ШЖҚ МКК коммунал­дық кә­сіпорнымен жекелей кел­і­сім­­шарт негізінде жүзеге асыры­ла­ды. Қоқыс тасымалдауға өтінім көп бол­ғандықтан, кәсіпорын мүм­кін­ді­гінше қоқысты тасымал­дай­ды», – дей­ді Зеренді аудандық тұр­ғын үй-ком­муналдық шаруашы­лық бөлі­мінің басшысы Марат Жүнісов.

Аудан әкімдігі жарылған су құбырын жөндедік десе де, тұр­ғын­дар жергілікті билікке наразылығын жасырмады.

«Су құбырының жарылғанын жөндедік, су беру жаңартылды», –дейді. Бірақ су қайда? Түстен асты, әлі сусыз отырмыз. Біз қайда шағымданбадық? «Nur Otan»-ға, телеарнаға тіпті Президентке дейін хат жаздық. Ал әкім әлі әрекетсіз отыр. Кәріз сол күйі жұмыс істе­мейді. Ауызсу бірде бар, бірде жоқ. Жол да сол күйі ойлы-шұңқыр. Үнемі бәрі сынып, қирап жатады. Ал билік тек құрғақ уәдемен құ­тылады», – дейді Анар Жүсіпова.

Ауыл жұрты осылай билікке шағымын айтты. Көкшетаудың іргесінде отырса да, осындай қиыншылықты бастан кешірген тұрғындардың мәселесі қашан түп­кілікті шешілетіні әлі белгісіз бо­лып отыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Ақмола облысы

 

 
Тегтер: «Ардагер – Неруд» серіктестігіГранитныйкәрізсізкөліксізсусызтұрғындар
Алдыңғы жаңалық

Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн концертін қайдан тамашалауға болады?

Келесі жаңалық

Қазақстанда ет бағасы қымбаттады

Ұқсас жаңалықтар

Қарағанды
Қазақстан

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақпан 26, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды
Жаңалықтар

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 2021
адам
Жаңалықтар

Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

Ақпан 26, 2021
Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Жаңалықтар

Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақпан 26, 21:07

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 20:55

Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

Ақпан 26, 20:24

Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Ақпан 26, 20:04

Белгілі журналист Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 26, 19:41

Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Ақпан 26, 19:33

Соттардың Конституциялық кеңеске өтініш беруі мәселелері талқыланды

Ақпан 26, 19:16
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қарағанды

Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақпан 26, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу басталды

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»