Далада шашылып жатқан құжаттар үшін қоқыс тасыған көлік жүргізушісін жауапқа тартты  
Далада шашылып жатқан құжаттар үшін қоқыс тасыған көлік жүргізушісін жауапқа тартты  
192
оқылды

Бұл туралы AstanaTV хабарлады. Атырауда мемлекеттік мекемеге тиесілі құжаттарды қоқысқа тастаған көлік иесі анықталды.

28 жастағы жергілікті тұрғын, құрылыс компаниясында көлік жүргізеді. Ол құжаттарды құрылыс қалдықтарымен бірге Әділет департаментінің қоқыс жәшігінен алғанын айтқан. Енді ол қала мен елдiмекен аумағында абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл төлейді.

Атырау облысы ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мейірім Ақдәулет: «Аталған дерек бойынша іздестіру шараларының нәтижесінде, 28 жастағы автокөлік иесі анықталып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы, 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды», – деді.

Қоқыста  2028 жылға дейін жарамды жеке куәлік, халыққа қызмет көрсету орталығының жеке мөрі мен жұмыс жоспары да бар.

Бұған дейін Атырауда қоқыстан төлқұжаттар, жүргізуші куәлігі табылғанын жазған болатынбыз.