Бұл туралы AstanaTV хабарлады. Атырауда мемлекеттік мекемеге тиесілі құжаттарды қоқысқа тастаған көлік иесі анықталды.
28 жастағы жергілікті тұрғын, құрылыс компаниясында көлік жүргізеді. Ол құжаттарды құрылыс қалдықтарымен бірге Әділет департаментінің қоқыс жәшігінен алғанын айтқан. Енді ол қала мен елдiмекен аумағында абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл төлейді.Қоқыста 2028 жылға дейін жарамды жеке куәлік, халыққа қызмет көрсету орталығының жеке мөрі мен жұмыс жоспары да бар.Атырау облысы ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мейірім Ақдәулет: «Аталған дерек бойынша іздестіру шараларының нәтижесінде, 28 жастағы автокөлік иесі анықталып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы, 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды», – деді.
Бұған дейін Атырауда қоқыстан төлқұжаттар, жүргізуші куәлігі табылғанын жазған болатынбыз.