Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Bek Air соты ұзаққа созылмақ

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 20, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Bek Air соты ұзаққа созылмақ
36
қаралым

Алматы маңында болған Bek Air компаниясының «Фоккер-100» ұша­ғы апатын ел әлі ұмыта қойған жоқ. Қан­дай да бір дерек шықса елеңдеп, «Не болды екен?» деп құлағын түре қа­лады. Солай болуы заңды да, се­бе­­бі жантүршігерлік бұл апаттың ар­тында қаншама адамның тағдыры тұр.

Ұшақ апатына қатысты күдікке ілін­гендер – 6 адам. Бәрі жер те­лім­деріне қа­тыс­ты заңсыздық әрекеттерге барған. Олар­дың аты-жөндері де, сол кезде атқар­ған қызметтері де белгілі. Ал­маты облысы Тал­ғар ауданы әкімдігінің экс-қыз­мет­кер­лері Рүстем Тұрысбеков, Жа­рас Мә­шім­баев, Медеу Қалыбеков, Берік Әбділлаев жә­не Қайрат Алтын­бекұлына қызмет ба­бын асыра пайдаланды деген айып та­ғы­лып отыр. Күдіктінің ал­тын­шысы және осы күні тергеу изо­ляторында отырғанына 10 айдан асқан – Нұрайым Алданыш. Айып­талушы экс-мем­қызметкерлер бап­тың өзгеруіне байланысты әзірге айып­та­рын мойнына алмай отыр. Әйтпесе, бұған дейін өз кінә­ларын мойындаған болатын. Сондықтан экс-шенеуніктер үй қамағында ұсталып отыр да, бұлардың арасында дәне­кер болған риэлтор Нұрайым Алданыш тер­геу изоляторында.

Негізі, әуежай маңындағы үйлердің заң­сыз салынғаны 2015 жылы белгілі болған. Тіпті, арнайы комиссия құрылып, осы мәселе бойынша біраз жұмыс жүр­гізілген.

«Бұл жер нысаналы мақсатын өзгерткен кезде ауыл шаруашылығындағы жер болып қалған. Ол жерге үй салуға өкілетті орган тарапынан рұқсат берілмеген», – деді об­лыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Қайрат Қыдырбаев. Ұшақ құлаған аймақтың 1 гектар 350 сотығы 2011 жылы жеке иелікке өткен. Бұл бастапқыда ауыл шаруашылығы мақсатында пайда­лануға берілген де, кейіннен адамдар үй тұрғыза бастаған. Сонда осыншама жерге үй тұрғызғанша әкімдік өкілдері жағдайдың не болып жетқанынан хабарсыз болғаны ма? Осы мәселеге елдің бәрі аң-таң. Өйт­кені кез келген құжат үшін тұрғындар жер­гілікті әкімшілікке жүгінетіні айдан анық емес пе?

Алматыда автобус  екі көлікті соғып, «Mega» сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіріп кеткен

Алматы метросының «Байқоңыр» бекеті уақытша жабылды

Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт шықты

Заңгер Бақытжан Базарбек ұшақ апаты болғанға дейін Алматы әуежайы жерлерінде заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын талай рет айтқан. Оның сөзіне қарағанда, Жер кодексіне сәйкес, әуе­жайдың ұшу-қону алаңына жақын маңдағы жерлерге тұрғын үй құрылысын салмау керек еді. Онда ауыл шаруашылығы сала­сының тек мал шаруашылығына қатысты кейбір түрлерімен айналысуға ғана рұқсат етілуі тиіс болатын. Болған жайтқа дер кезінде көңіл аудармаудың және өз істеріне салғырт қараудың нәтижесі ақыры 12 адамның өмірін жалмап тынды. Алматы әуежайының маңында заңсыз сатылған жерлерге қатысты сот отырысы әлі де ұзақ­қа созылатын түрі бар. Белгілі болғандай, әр сот отырысы өткен сайын тың деректер ашылып жатыр. Сотқа жолданған қыл­мыстық істің ақыры немен тынатыны әзірге белгісіз. Келесі сот отырысы бүгін болады.

Қалай дегенде де, жантүршігерлік ұшақ апаты әуе саласындағы біраз олқылықтың бетін ашып берді. Осы оқиғадан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Азаматтық авиация комитеті «Қазақ­станның авиациялық әкімшілігі» АҚ-мен бірлесіп еліміздің барлық әуе­компанияларының қызметіне жоспардан тыс аудит жүргізді.

«Осы оқиғаны тергеуде біздің елімізге кезінде Ұлыбританияның Азаматтық авиация агенттігі, Еуропалық комиссия мен Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық авиациялық агенттігі белсенді қолдау көрсетті және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның дамуына қолдау көрсетуді жалғастыруда. Ең алдымен, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары британдық реттеушінің инспекторларымен бірлесіп, Bek Air әуе­компаниясына толық аудит жүргізді», – дейді ИИДМ баспасөз қызметі.

Bek Air компаниясы лицензиясынан айырылғанынан көпшілік хабардар. Тек­серу барысында халықаралық рейстерді орындауға сертификаты жоқ Bek Air әуе­компаниясы бірқатар елеулі ұшу қауіп­сіздігін бұзудан басқа, Ауғанстан мен Африка елдеріндегі рейстерге заңсыз қызмет көрсеткені анықталды. Ішкі тергеу бес айға созылып, содан кейін іс Ішкі істер министрлігінің тергеушілеріне берілді. Қазір тергеу жалғасуда. Сондай-ақ аудит аясында бұрын Bek Air әуекомпаниясын тексерген екі авиациялық әкімшілік ин­спекторына қатысты ішкі тергеу жүргізілді. Инспекторлардың әрекеттері орынсыз деп танылғандықтан, олар қызметінен боса­тылды.

Осы апаттан кейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 331 инспекция өткізді. Биыл бұл іс аудит әуе­компания­ларындағы, әуежайлардағы және аэро­навигация ұйымдарындағы қауіп­сіздікті басқару жүйесіне назар аудара отырып жалғастырылады. Аудит ба­рысында 2 400-ге жуық бұзушылық анық­талды. Олардың көбі ұсақ бұзушылықтар. Бірақ екінші және үшінші деңгейдегі қорғаныс шара­лары ретінде ұшу қауіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды.

Жаппай аудит барысында Bek Air-дан басқа тағы 3 әуекомпанияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі эмбаргосын бұзғаны, шетелде Қазақстанда тіркелген әуе кеме­лерін пайдалана отырып сол схема бо­йынша жұмыс істегені анықталды.

Ол – Azee Air ЖШС, Sigma Airlines ЖШС, Jenis Air ЖШС. Аталған әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшақтары Таяу Шығыс өңірінде шетелдік тапсырыс берушілердің мүдделері үшін пайда­ланылған. Sigma Airlines ЖШС Чилиде заңсыз рейстер жасаған. Қазақстандық пайдаланушылардың әуе кемелерінің мен­шік иелері – шетелдік компаниялар.

Бұл жағдайды тергеуге еліміздің бір­қатар мемлекеттік органдары, БҰҰ қыз­меткерлері және үшінші елдердің тергеу топтары тартылды.

Ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқама­лардың орындалмауына байланысты 6 оператордың қызметі тоқтатылды. Олар – Jet Airlines, Jenis Air, Azee Air, Phoenix, Qazaq Helicopters, MS AIR KZ.  Bek Air және Sigma Airlines әуекомпанияларының сертификаттары кері қайтарып алынды. Бір әуе кемесінің ұшуы тоқтатылды. Техникалық тексеру нәтижелері бойынша ол ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейді деп танылды.

Осы кезеңде Авиациялық әкімшілікте жаңа британдық үлгіге көшудің белсенді процесі жүрді және ұшақ апатына қатысты қайғылы оқиға еліміздің авиация саласын басқарудағы проблемалық мәселелерді түсінуге, сала жағдайына тереңірек қарауға көмектесті деуге негіз бар.

ГүлнарГүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ

 
Тегтер: «Фоккер-100» ұшағыBek AirАлматыапатсот
Алдыңғы жаңалық

80 миллион теңгенің қарызы кешірілді

Келесі жаңалық

Бір аптада коронавирустан 54 адам қайтыс болды

Ұқсас жаңалықтар

Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды

Ақпан 28, 2021
бокс
Жаңалықтар

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 2021
АҚШ
Басты жаңалықтар

АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек

Ақпан 28, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Ақпан 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды

Ақпан 28, 18:15

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 17:48

АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек

Ақпан 28, 17:24

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Ақпан 28, 16:55

Оралда газдан уланып көз жұмған тұрғынның денесі табылды

Ақпан 28, 16:23

Бір аяғы жоқ келіншек құрылыста жұмыс істеп, екі баласын асырап отыр

Ақпан 28, 15:56

Қарағандыда туысын қызметке тағайындаған шенеунік жазаланды

Ақпан 28, 15:25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ақтау

Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды

Ақпан 28, 2021
бокс

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»