Ұлттық бірыңғай тест тапсыру басталды
Ұлттық бірыңғай тест тапсыру басталды
182
оқылды

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҰБТ 20-30 қаңтар аралығында Алматы қаласының бес жоғары оқу орнында өтеді. ҰБТ өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. Коронавирус таралмауы үшін ҰБТ өткізуде: – медициналық пункттің медицина қызметкері мен жедел медициналық көмек бригадасының кезекшілігі; – медицина қызметкерінің денсаулық жағдайына сауалнама жүргізіп, дене температурасын өлшей отырып, ҰБТ өткізу пунктінің қызметкерлерін күн сайын ауысым алдындағы фильтрды жүзеге асыруы, адамдардың жиналуына жол берілмейді, вестибюльдер мен дәліздерде адамдарды күтуге жол берілмейді; – ішке кіргізер кезде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қамтамасыз етіледі, шектеу ленталары орнатылады; – ҰБТ өткізу пункттерінде дезинфекциялық тоннельдер мен аяқкиімге арналған кілемшелер, санитайзерлер орнатылады; – шығаберісте пайдаланылған бетперделерге арналған қоқыс жәшіктері орнатылады; – желдету режимін сақтауды қамтамасыз ете отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету; – ҰБТ өткізу пункті қызметкерлерінің, тестілеуге қатысушылардың және өзге де адамдардың жеке гигиенаны сақтауы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету (санитарлық тораптардың жұмыс істеуі, қол жууға арналған қолжуғыштардың, сабындардың, бір реттік сүлгілердің немесе электр сүлгілердің, санитайзерлердің болуы); – күніне кемінде 2 рет ҰБТ өткізу болжанатын барлық аудиторияларды оларға қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды тазалық жұмыстары жүргізіледі. Ғимараттарды әрбір 1,5-2 сағат сайын тазалайды.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы» 2020 жылғы 28 қыркүйектегі №420 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, ҰБТ 4 рет, яғни қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізіледі.