Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн концертін қайдан тамашалауға болады?
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн концертін қайдан тамашалауға болады?

Бұл туралы dimashnews.com жазды.

Tixr стриминг платформасымен DIMASH DIGITAL SHOW қайталап көрсетіледі. Бұған дейін билеті бар көрерменге қайтадан билет сатып алудың қажеті жоқ. Олар шоуды қолда бар билетімен тамашалай алады. Әлі билет алмаған көрерменге 31 қаңтарға дейін уақыт бар.

Сонымен қатар 31 қаңтар күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:30-да DIMASH DIGITAL SHOW-дан кейін көптен күткен Post-Show Q&A session тікелей эфирі өтеді.

Димаш Құдайберген көрерменнің сұрақтарына тікелей эфирде жауап береді.