Алматының екі көшесі бір бағытты болмақ
Алматының екі көшесі бір бағытты болмақ
5,116
оқылды

Бұл туралы Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Хабарламада: «Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы қаладағы көлік қозғалысын бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін орган ретінде Бостандық ауданының ұсақ көшелерінде жүргізген сараптама нәтижесінде Политехникалық және Потанин көшелерінде қарсы бағытта көлік ағыны көбеюі салдарынан қозғалыс қиындағанын анықтаған. Полиция департаменті көлік қозғалысын оңтайландыру үшін Политехникалық көшесінің бойымен Байтұрсынов көшесінен Сейфулин көшесіне дейін тек шығыс бағытта, ал Никитин көшесінің бойымен батыс бағытта ғана жүруге болатын бір бағыттық жүйені енгізді», – делінген.

Бұл көшелермен жүрудің жаңа жүйесі 23 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Байқаусызда жол ережесін бұзбау үшін полицейлер жол белгілеріне мән беріп, баратын жеріңізге жету жолын алдын-ала жоспарлап алуға кеңес береді.