Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Жамбылда жемқорлар азайып келеді

Жамбылда жемқорлар азайып келеді.

"Айқын" ақпарат
Қаңтар 20, 2021
Жаңалықтар, Әлеумет
Жамбыл, жемқорлық, сыбайлас жемқорлық

Фото: Интернеттен алынды

112
қаралым

Мұндай мәлімдемені бүгін ANTIKOR сервистік орталығында өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Жамбыл облысы  бойынша департаментінің басшысы  Әділхан Әшірбаев жасады. 

– 2020 жылы  облыс  бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен  110 қылмыс анықталды. 2019 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда бұл жемқорлық фактілерінің 12,7 пайызға төмендегенін көрсетіп отыр. Нақтырақ айтсақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстары – 19,4 пайыз, ауыр санаттағы қылмыстар 3,9 пайызға азайған.

Есепті кезеңде департамент мамандары жемқорлық деректерінің жүйелі түрі бойынша – 7, мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген қаражаттарды ұрлау – 14, бизнес субъектілерінің жұмысына заңсыз араласу бойынша  9  деректі анықтап, 77 кәсіпкердің құқығын қорғады.

Атырауда ысырапшыл емхана аз емес

Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Жамбылда жомарт түлектер бас қосты

Одан бөлек облыс деңгейіндегі 7 басшыға  және  қала мен аудандағы 7 басшыға қатысты қылмыстық істі тіркеді.

Тіркелген қылмыстық істер бойынша 771 миллион  теңге көлеміндегі залал анықталып, оның 654 миллион теңгесі өндірілді. Қылмыстарды тергеу барысында 153 миллион теңгенің мүлкіне шектеу қойылды.

Сотқа жолданған қылмыстық істерге және қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаларға тоқталатын болсам, былтыр  облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сотқа  110 іс жолданып, 72 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл 2019 жылға қарағанда көрсеткіштердің төмендегенін көрсетіп тұр, – деді  департамент басшысы.

Бұдан бөлек былтыр қылмыстық құқықбұзушылықтар және басқа да заңбұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайды жою бойынша  97 ұсыныс жолданып, оның 87-і қаралып, нәтижесінде 78  лауазымды тұлға  әртүрлі деңгейдегі тәртіптік жаза арқалаған.

Сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған 30 азаматқа 5,1 миллион теңге көлемінде сыйақы төленген.  Бұл – республика көлеміндегі ең жоғары көрсеткіштің бірі.

Міне, осылайша департамент басшысы жыл ішіндегі негізгі көрсеткіштерді сөйлетті. Әсіресе, Жамбылда жемқорлық фактілерінің азайып келе жатқандығы көптің  көңіліне жылу берді. Әйтеуір осы бағытымыздан таймай, көз тимесін деп тілейік.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы

 
Тегтер: Жамбылжемқорлықсыбайлас жемқорлық
Алдыңғы жаңалық

Бір аптада коронавирустан 54 адам қайтыс болды

Келесі жаңалық

Қалтасы қалың легионерлер «Қайратта» көп

Ұқсас жаңалықтар

Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды

Ақпан 28, 2021
бокс
Жаңалықтар

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 2021
АҚШ
Басты жаңалықтар

АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек

Ақпан 28, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Ақпан 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды

Ақпан 28, 18:15

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 17:48

АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек

Ақпан 28, 17:24

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Ақпан 28, 16:55

Оралда газдан уланып көз жұмған тұрғынның денесі табылды

Ақпан 28, 16:23

Бір аяғы жоқ келіншек құрылыста жұмыс істеп, екі баласын асырап отыр

Ақпан 28, 15:56

Қарағандыда туысын қызметке тағайындаған шенеунік жазаланды

Ақпан 28, 15:25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ақтау

Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды

Ақпан 28, 2021
бокс

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»