Жол апатынан екі адам қайтыс болып, тағы үш адам зардап шекті
Жол апатынан екі адам қайтыс болып, тағы үш адам зардап шекті

Полицейлер қатысқан ЖКО Алматы-Қорғас тас жолында болған.

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері жол апаты кезінде дәл осы жерде болған бақа ЖКО тіркеп жатқан.

«Алматы облысындағы Алматы-Қорғас тас жолының бойында орын алған ЖКО нәтижесінде екі адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті», – деп хабарлады ««ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

https://youtu.be/yug37yrzBE0

Алдын-ала деректер бойынша тас жолдың 193 шақырымында MAN жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бол алмай жол ортадағы қоршауды жапырып, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жол апатын рәсімдеуге кіріседі. Сол кезде патруль көлігіне тағы бір жүк көлігі, одан кейін жеңіл көлік соғылған.

Жол апатынан соңғы Toyota Carina жеңіл көлігіндегі екі адам көз жұмды. Тағы үш адам түрлі жарақат алған. Оларды жедел жәрдеммен алып кетті.

Қазір оқиға орнында ««ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері, полицейлер мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

https://youtu.be/qD_qnC0NMUg