Түрмеге тоқыма қолғаппен телефон тасыған ақмолалық ұсталды
Түрмеге тоқыма қолғаппен телефон тасыған ақмолалық ұсталды
122
оқылды

Бірақ қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері қырағылық танытып, телефондар абақтыда отырғандарға жеткізбеді.

«Атбасар аудандық полиция бөліміне хабар түскен соң, полицейлер іске кіріскен. Оқиға тәртіп сақшыларының көз алдында болған. 33 жастағы жігіт темір қоршаудың сыртынан тоқыма қолғапты асыра лақтырмақ болған. Осыған дейін есірткі сақтағаны үшін сотталған «курьер» жігіт түзеу мекемесінің алдына келіп, жан-жағына қарайлай бастаған. Ешкімді байқамаған ол қойнындағы түйіншекті алып қоршаудан енді асырам дегенде қолға түсті», – дейді Ақмола облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Түйіншектің тоқыма қолғап екені анықталды. Ішінен Nokia, Samsung маркалы телефондар мен екі SIM карта шықты.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы