Былтыр азаматтар екінші деңгейлі банктерден және банктік емес жеке айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 890 келі болатын 21 099 өлшенген алтын құймаларды сатып алды.
Көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 34%-ке өсті.Ұлттық банктің мәліметінше, алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық болып сатылады. Соның ішінде ең көп сатылғаны – 100 грамдық құйма.
Құймаларға зақым келмес үшін қаптамасын ашпаған дұрыс.