Елеусінов қарсыласын жойқын нокаутқа түсірді (Видео)
Елеусінов қарсыласын жойқын нокаутқа түсірді (Видео)
5,134
оқылды

28 жастағы қазақ боксшысы осылайша кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне жетіп отыр.

Отандасымыз Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) америкалық Алан Санчеспен (20-4-1, 10 КО) кездесті. Жекпе-жек АҚШ-тың Аризона штатындағы Финиксте өтті.

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Алайда Елеусінов бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Төреші Санчестің көз жарақатына байланысты жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болған.

28 жастағы отандық боксшы үшін бұл кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңіс. Елеусінов кәсіпқой рингке алғаш 2018 жылдың сәуірінде көтерілген болатын. Биыл Данияр төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Ал Санчес жартылай орта салмақтағы WBC Continental Americas чемпион титулының иегері болған. 

https://youtu.be/tg7WPXETsEk