Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Алақандай ауылда мұз айдыны ашылды  

Мұз айдынының  ашылуына аудан әкімі Мейірхан Өмірбек қатысып,  кәсіпкердің игі бастамасына  тұрғындардың  атынан алғысын білдірді.

"Айқын" ақпарат
Қаңтар 20, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
Алақандай ауылда мұз айдыны ашылды  
109
қаралым

Қазақстанда аудан әкімдерінің сайлауы 2024 жылы өтеді

Кәсіпкер ауылда жұмысшыға арнап үй салса, шығынның жартысын мемлекет төлейді – Президент

БҚО-да қолайсыз ауа райы салдарынан 22 ауыл жарықсыз қалды

Жамбыл облысы Меркі ауданы Жеміс-жидек ауылында мұз айдыны ашылды. Мұндай жабық мұз айдыны облыс бойынша ауылдан алғаш рет ашылып отыр. Ұзындығы 30, ені 15 метрді құрайтын нысан тұрғындардың бір мезгіл сырғанақ теуіп, тыныстауына мол мүмкіндік бермек.

 Жобаны жас кәсіпкер Ержан Қырғабақов жүзеге асырған. Ол «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жобасын ұсынып, қаржыландыруға қол жеткізген. Нәтижесінде 10,5 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алған.

Мұз айдынының  ашылуына аудан әкімі Мейірхан Өмірбек қатысып,  кәсіпкердің игі бастамасына  тұрғындардың  атынан алғысын білдірді.

Ал  Ержан Қырғабақов бұған дейін   Меркі ауылынан  «Нұрдаулет» отбасылық шомылу бассейнін ашқан. Алайда  жұмысы тек  жаз айларында ғана жүргендіктен, ол  қыста да кәсібін дөңгелету үшін  мұз айдынын салып отыр.

– Бұрын саудамен айналысқанмын. Сол кезде қандай кәсіп ашқан тиімді деп ойланып жүретінмін. Ойға алған ісімді жүзеге асыру үшін ауданнан жер алып, бассейн салдым. Бұдан кейін неге мұз айдынын салмасқа деген ой келді. Жобамды «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсындым.Олар жобамды қаржыландырғаннан соң осы мұз айдыны кешенін тұрғыздым. Қажетті құрал-жабдықтарды Алматы қаласынан тапсырыспен алдырдым. Бұрын пайдалануда болған құрал-жабдықтар әлі де біраз қызмет етеді деген сенімдемін, – дейді жас кәсіпкер.

Ержан мұз айдынын жыл он екі ай жұмыс істетпек. Алдағы уақытта нысан ғимаратын заманауи тұрғыда жетілдіре түсуге ниетті. Бүгінгі таңда кәсіпкер мұз айдыны арқылы төрт адамды  жұмыспен қамтып отыр. Сырғанақ тебуге арналған конкидің 35 парын әкеліп, бір сағаттық қызметін 500 теңгеден ұсынуда.

Енді келешекте  кәсіпкер жабық мұз айдынының қасынан  50 соттық жерге ашық аспан астындағы мұз айдынын және жабық бассейн салуды жоспарлап отыр. Бүгінде ол жоспарын іске асыру үшін жобалық құжаттарын дайындауда.

Алақандай ауылдан мұз айдынын ашып, тапқырлығымен көзге түсіп отырған Ержанның алдағы бастамаларына тек сәттілік тілейміз!

 

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы

 
Тегтер: ауылқысмұз айдыны
Алдыңғы жаңалық

Қазақстан азаматтары бір жылда қанша алтын құйма сатып алды?

Келесі жаңалық

Алдағы үш күнде солтүстік өңірлерде аяз күшейеді

Ұқсас жаңалықтар

ел
Жаңалықтар

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ақпан 28, 2021
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қайтадан «қызыл аймаққа» енді

Ақпан 28, 2021
әпке
Жаңалықтар

АҚШ-та 14 жастағы жасөспірім әпкесін пышақтап өлтірген

Ақпан 28, 2021
сәби
Жаңалықтар

Ресейде сәбиін сатқан қазақстандық әйел ұсталды (видео)

Ақпан 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ақпан 28, 12:11

Нұр-Сұлтан қайтадан «қызыл аймаққа» енді

Ақпан 28, 11:46

АҚШ-та 14 жастағы жасөспірім әпкесін пышақтап өлтірген

Ақпан 28, 11:22

Ресейде сәбиін сатқан қазақстандық әйел ұсталды (видео)

Ақпан 28, 10:43

Түркістанда төрт баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақпан 28, 10:14

Оқушылар наурыздан бастап мектепте оқитын болды

Ақпан 28, 09:47

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті

Ақпан 27, 23:55
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ел

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ақпан 28, 2021
Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан қайтадан «қызыл аймаққа» енді

Ақпан 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»