«Қазгидромет» РМК қаңтардың 21-23 аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.
"Солтүстік және оңтүстік циклондардың қосылуы республиканың оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын тудырады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және шығыста, сондай-ақ орталықта, өте күшті жел болуы ықтимал. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде -25...-30°С дейін төмендейді", - делінген хабарламада.