Ресейдің сыртқы істер министрі Иманғали Тасмағамбетовке алғыс білдірді
Ресейдің сыртқы істер министрі Иманғали Тасмағамбетовке алғыс білдірді

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров зейнетке шыққан Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.

Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады. Кездесу кезінде Сергей Лавров елші ретінде атқарған қызметі үшін қазақстандық дипломатқа алғысын білдірді. Оның Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Ресейлік дипломат экс-елшінің жеке және кәсіби қасиеттеріне тоқталды. Осының арқасында екі елдің әріптестігі түрлі салада дамып, бірқатар жобалар іске асырылғанын айтты.

Кездесу соңында Лавров Иманғали Тасмағамбетовке естелік сый тарту етті.