Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

СҚО-да жалғыз үй тұратын ауылда патриоттық челлендж өткізілді

"Айқын" ақпарат "Айқын" ақпарат
Қаңтар 20, 2021
100
қаралым

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында Кеңес Шұбарайғыр деген ауыл бар. Еліміздің әр өңірінде таралып жатқан «Менің Туым! Менің Отаным» атты патриоттық челлендж бұл ауылда да ұйымдастырылған. Ерекшелігі сол ауыл жан-жаққа түгел тарыдай шашырап көшіп кетіпті. Ауылда тек бір-ақ отбасы ғана тұратын болып шықты, деп хабарлайды «Айқын» республикалық газетінің тілшісі. 

Сонда да болса ауылдың әр жерге қоныс аударған жұрты жас-кәрісі жиналып, патриоттық челендж өткізген. Ауыла жалғыз үй болып қалған отбасы ауылдастарын құшақ жая қарсы алыпты.

Көп балалы бұл отбасы ауыл шаруашылығымен айналысып, негізінен жылқы бағуды кәсіп етіпті. Ауыл адамдары өз күштерімен бірлесіп ауылға мешіт салған. Қазіргі таңда сол мешіт ауылда жұмыс істеп тұрған жалғыз ғимарат екен.

Кеңес Шұбарайғыр ауылынан шыққан азаматтардың айтуынша, олар ешқашан туған ауылдарына қысқы уақытта барып көрмеген. Өйткені, қалың жауған қар жолды басып қалады. Дегенмен, бұл жолы қыстың қытымыр аязы мен боранына қарамастан, ауыл жұрты тайлы-тұяғы қалмай тегіс жиналыпты.

«Біздің ауылға ешкім осы челлендж эстафетасын тапсырған жоқ. Дегенмен, көшіп кеткенімізге ондаған жыл өтсе де, туған ауылымызға оралып, акцияны жалғастырдық. Баршамыз жиналып қайта қауышып, мәре-сәре болдық, – дейді ауыл тұрғындары.

Бір кездері ауылда жүзден астам үй болыпты. Бірақ, тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезінде ауыл жұрты үдере көшіп кеткен. Алайда танымал челлендждің арқасында ауыл адамдары қайта жиналып, өзінің өткен тарихын еске алуға мүмкіндік алған.

Абзал Алпысбайұлы,
Ақмола облысы

Тегтер: ауылСҚОчеллендж

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Матч кезінде стадион шатыры опырылып түсті

Риота Мурата Головкинге алғысын айтты

Алматы облысында мас жүргізуші 32 қойды басып кеткен

Шымкенттегі жарылыс сәті видеоға түсіп қалған

Шымкентте бір үйдің үш баласы көлік жүксалғышында тұншығып қаза болды

Антикор атын жамылып Каспий жағалауынан жер беруді талап еткен ер адам ұсталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»