Игорь Сон биылғы әлем чемпионатынан да жүлдемен оралған.
«Дохада лицензиялық Катар Кубогы жалауын көтерді. Қазақстан командасы бұл жарыстың алғашқы жүлдесін иеленді», – деп жазады Olympic.kz.
Алтыннан алқа таққан Игорь Сон бұғандейін биылғы әлем чемпионатынан күміс жүлдегері атанған болатын. Дохада ол 61 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп 278 (124+154) келіні бағындырды. Жарыста бұл нәтижені еш спортшы қайталай алмады.