Ғалым коронавирус қашан толық жойылатынын айтты

Ғалым коронавирус қашан толық жойылатынын айтты

Ресей ғалымы Сергей Балахонов қандай жағдайда коронавирус толық жойылатынын айтты, деп хабарлады rg.ru.

Медицина ғылымдарының докторы коронавирус жер бетіндегі адамдардың 90%-ында індетке қарсы иммунитет қалыптасқан кезде толық жойылады деп есептейді. Оның айтуынша, ұжымдық иммунитет адамдарда коронавирустан сауыққан соң немесе сәтті вакциналаудан кейін пайда болуы мүмкін.

Көп адамда коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болған кезде оның жұғуы да тоқтайды.

Тағы бір сарапшы Ирина Шестакованың айтуынша, 2022 жылдың соңында адамдар қалыпты өмірге оралады. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылы наурызда коронавирус өршіп, тәулігіне 6-9 мың қазақстандық коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтқан болатын.