Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды
Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды
94
оқылды
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамаудағы мерзімі төрт айға ұзартылды. Енді ол үй қамауында 2021 жылдың 28 ақпанына дейін болады. Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты.
"Нұр-Сұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімін төрт айға дейін ұзартты. Сот үш рет болды, енді  ол ақпан айының соңына дейін үй қамауында болады. Қорғаушы ретінде мен онымен үйде үнемі кездесіп тұрамын, өйткені ол үй қамауында. Ол өзін кінәлімін деп отырған жоқ", - деді Дмитрий Куряченко.
Біртанов өткен жылы 25 маусымда Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Экс-министр 3 қарашада ұсталды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған.