Сағындық Телібаев Алматы метросының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов таныстырды.
Алматы әкімі жаңа басшының алдына бірқатар нақты міндет қойды: жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, қауіпсіздік деңгейін арттыру, жолаушылар қатарын көбейту. Бұған дейін метро директоры қызметін Айдын Оразханов атқарған. Метро қызметкерлері бұрынғы басшының қызметіне шағымданған болатын. Олардың айтуынша, ол жұмысшыларды негізсіз жұмыстан шығарған. Бұл ақпарат БАҚ-та жариялағаннан кейін метро қызметінде тексеру басталып, көп ұзамай Айдын Оразхановтың жұмыстан босатылғаны белгілі болды.