ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
133
оқылды

Роман Василенко ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды, –деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды», -делінген Ақорданың хабарламасында.

Хабарламада айтылғандай Роман Василенко Қазақстанның Словакиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.