Қазақстандықтар енді бюджеттің қайда жұмсалып жатқанын қадағалай алады
Қазақстандықтар енді бюджеттің қайда жұмсалып жатқанын қадағалай алады
133
оқылды

Пилоттық жоба Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында іске қосылды.

Аталмыш жоба жайында Ақорданың Twitter парақшасында хабарланды.

«Бұл бастаманың үлкен әлеуметтік маңызын ескере отырып осындай тәжірибелер 2020 жылдан бастап 55 әкімшілік бірлікке енгізілетін болады», – деді ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында сөйлеген сөзінде.

Ол қазақстандықтар бюджет қаржысының жұмсалуы туралы сенімді ақпарат алуға құқы бар екенін атап өтті.

«Ашықтық мемлекет аумағында жүзеге асатын барлық қаржылық операцияларға қатысты болуы керек», – деді Тоқаев.