Полицей қағып кеткен әйел сол жерде қайтыс болды
Полицей қағып кеткен әйел сол жерде қайтыс болды
128
оқылды

Қатты соққыдан 48 жастағы әйел сол сәтте қайтыс болды. Бұл туралы КТК хабарлады.

Куәгерлер қайғылы жағдайға себепкер болған полицей «оқиға орнынан қашып кетті» деген еді. Бірақ Полиция департаменті бұл ақпаратты теріске шығарды. Оқиға кеше түнде Шу қаласындағы вокзал маңында болған. Рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан әйелді 25 жастағы аудандық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі «Нива» көлігімен мыжып өткен. Қараңғы көшеде жолға жүгіріп шыққан әйелді аға лейтенант абайсызда таптап өткен. Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова: «Полиция қызметкері қазір уақытша ұстау изоляторында. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 25 жастағы полицейдің ішімдік ішпегені және есірткі қолданбағаны анықталды. Қазір жан-жақты тергеп-тексеру басталды. Барлық бейнебақылау камераларындағы жазба қаралып, сараптама тағайындалды», – деді.